Білім

816 мектеп бітіруші үздік аттестатқа үміткер

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұловтың қатысуымен 2023-2024 оқу жылының аяқталуына байланысты баспасөз конференциясы өтті.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұловтың қатысуымен 2023-2024 оқу жылының аяқталуына байланысты баспасөз конференциясы өтті. 

Жалпы облысымызда 2023-2024 оқу жылын 586 мектепке дейінгі, 506 орта білім беру, 42 техникалық және кәсіптік білім мекемелерін 400 мыңнан астам оқушы, студент пен тәрбиеленуші аяқтаса, 12 мыңнан астамы мектеп түлектері екен.Биыл 9-сыныпты 22 867 оқушы аяқтайды. Қорытынды аттестаттау 9 (10)- сынып оқушылары арасында 29 мамыр-10 маусым аралығында жүргізіледі. Айта кетерлігі, 9-сыныпты бітіретін оқушылардың 1 598-і үздік аттестатқа үміткер.

Ал 11-сыныпты 12 121 түлек аяқтайды. Қорытынды аттестаттау 28 мамыр-11 маусым аралығында жүргізіледі. Барлық емтихандар оқу орнында – мектептерде өтеді.
«Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын облыс әкімдігінің білім басқармасы жанынан құрылған комиссия қарайды. 388 мектеп бітіруші «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер (2022 жылы – 305). 816 мектеп бітіруші үздік аттестатқа үміткер. Мектеп түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі «Алтын белгімен» марапаттау салтанаты 12-15 маусым аралығында мектептердегі барлық емтихандар аяқталғаннан кейін ұйымдастырылады.– Облыс бойынша орта мектептерді 12 мыңнан аса оқушы бітіреді. Биыл ҰБТ «1 тестіленуші – 1 компьютер – 2 камера» қағидаты бойынша электрондық форматта өткізіледі. Негізі Ұлттық бірыңғай тестілеу 4 рет (қаңтар, наурыз, мамыр-шілде, тамыз) өтеді. Мамыр-шілде айында өтетін тестілеуге қатысушылар мемлекеттік білім беру грантын алу үшін конкурсқа 2 рет қатыса алады. Электрондық форматтағы ҰБТ-ға қатысу үшін онлайн режимде өтініш беру кезінде оқушы тестілеу күнін және уақытын өзі таңдайды. 

Облысымызда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында биыл қала сыртындағы 7 жазғы сауықтыру лагері қызмет көрсетеді. Лагерьлер оқушыларды 
1 маусымнан бастап қабылдайды. Барлығы 7 454 баланы жазғы лагерьмен қамту жоспарлануда.Сондай-ақ 405 мектеп жанындағы тамақтандырумен ұйымдастырылатын лагерь 36 259 баланы, 430 мектептің демалыс алаңдарында мектеп аумағын көгеріштендіру, абаттандыру, экологиялық және басқа да жұмыстарға 28 мыңға жуық бала тартылады. Түрлі бағыттағы экскурсиялармен 23 000 бала, мектептегі және мектептен тыс үйірмелерде 103 000-нан аса бала және дебаттық, пәндік олимпиадаларға дайындық жүргізіп, «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдердің белсенді топтарына 19 000-нан аса бала шұғылданатын болады. Жалпы балалардың жазғы уақытын қызықты және тиімді өткізуге 193 000-нан аса баланы қамту жоспарлануда.Брифинг барысында спикер жазғы суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік мәселесін де тілге тиек етті. 

Айжан Өзбекова