«Байзақ – 2024» оқу - жаттығу жиыны өтті
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Байзақ – 2024» тексеру жиынының жабылу салтанатына қатысты. Аймақ басшысы алдымен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің арнайы техника мен жабдықтарын аралап, бірқатар оқу-жаттығуын көрді.
Тексеру жиыны 2024 жылдың 20-29 мамыры аралығында «Айша бибі» полигонында ұйымдастырылды. Оған Байзақ ауданының аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне тіркелген 80-ге жуық әскери міндетті шақыртылған.Жалпы оқу-жаттығу облыстың аумақтық қорғаныс қабілетін арттыруға бағытталған.
10 күндік жиын барысында әскери міндеттілер кәсіби мамандардың көмегімен біліктіліктерін шыңдады. Атап айтқанда, олар аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне тапсырылған нысандарды күзету және қорғау, қарсыластың диверсиялық-барлаушылық тобымен күресті ұйымдастыру бойынша дайындықтарын іс жүзінде жетілдірді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі