Денсаулық

Жошыбаев жолы - ізгі жол

Кеше Жамбыл жоғары медициналық колледжінде ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының директоры, кардиохирург, медицина ғылымының докторы, профессор Сейтхан Жошыбайұлының 85 жылдық мерейтойына арналған «Шипалы қолы – дертке дауа» тақырыбында кеш өтті.

Салтанатты іс-шараны облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова құттықтау сөзімен ашып, ізгі тілегін жеткізді.– Сіз ұлт саулығын қалыптастыруға ықпал етіп, мыңдаған жүрекке жаңа өмір сыйладыңыз.

 


Мерейтой барысында жиынға келген қонақтар, ғылым және білім саласының ардагерлері ғалым-дәрігер Сейтхан Жошыбаевтың жүріп өткен белестері мен жеткен жетістіктерін, бір орында тоқтап қалмай, тек алға жылжып келе жатқанын айтып, ізгі ниеттерін білдірді. Сонымен қатар колледж студенттері де Сейтхан Жошыбайұлының құрметіне арнау өлеңдерін оқып, әсем ән айтып, шәкірттері өз алғыстарын жеткізді.

Облыс әкімдігі денсаулық сақтау 
басқармасының баспасөз қызметі