Жаңалықтар

Баға тұрақты бақылауда болуы керек

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бизнес өкілдерімен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Басқосуда облыстағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, сауда саласын дамытудың перспективалары қаралды. Сондай-ақ базарларды жаңғырту жұмыстары мен өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары талқыланды.

Ербол Қарашөкеев өңірде шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсету негізгі басымдыққа ие екенін атап өтті.Сондай-ақ аймақ басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандырудың маңыздылығына тоқталды.

Облыс әкімдігі шетелдік озық тәжірибелерді негізге ала отырып, кәсіпкерлердің жаңа бастамаларына қолдау көрсетуге ниетті. Бұл азық-түлік бағасының тұрақтылығына да ықпал етеді.
Жиында бірқатар базар, супермаркет басшылары мен жеке кәсіпкерлердің ой-пікірлері тыңдалып, сауалдарына жауап берілді.Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі жауаптыларға өңір кәсіпкерлерін шетелдік ірі компаниялармен байланыстырып, мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Облыс әкімінің 
баспасөз қызметі