Қазақстандықтарға жалға берілген пәтерлерді сатып алу мүмкіндігі берілмек
Қазақстандықтарға жалға берілген пәтерлерді сатып алу мүмкіндігі берілмек
Оның айтуынша, 2016 жылы тұрғындарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерлер берілген. «Бүгінде бұл бағдарлама жұмыс істеп тұр. Бұл пәтерлер халықтың әлеуметтік осал тобына берілген: көпбалалы аналар, мүгедектер, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған отбасылар. Енді министрлік бұл пәтерлерді сатып алу құқығын беру мәселесін қарастырып жатыр. Себебі, халық арасында оған сұраныс бар. Министрліктің қорытындысы бар, мәселені Үкіметте көтереміз», - деді Бауыржан Қабдол ОКҚ баспасөз мәслихатынан соң. Комитет төрағасы Қазақстан бойынша жалға берілген 39 мың пәтер барын атап өтті.
Бауыржан Қабдол бүгінде Қазақстандық тұрғын үй компаниясы 22 мың пәтерді сатып алу құқығымен жалға бергенін атап өтті. «Онда адамдар тұрып жатыр. Олар пәтердің жалдау ақысы мен коммуналдық қызметтерді төлейді. Сондай-ақ мемлекетке тиесілі 39 мың пәтер бар. Онда әлеуметтік осал топтар тұрып жатыр. Алайда олар тек коммуналдық қызметтердің ақысын төлейді. Себебі, олардың үйді сатып алуға құқығы жоқ. Енді біз осы 39 мың пәтерді Қазақстандық тұрғын үй компаниясына бергіміз келеді. Осылайша, оларды сатуға мүмкіндік туады», - деді комитет төрағасы.