Жаңалықтар

Жамбылда 816,6 шақырым канал тазаланды

Бүгін Тараз қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында каналдар мен арықтар тазалануда.

Бес жүзден астам еріктілер мен белсенді жастар және қала тұрғындары қатысқан акция «Денсаулық» саябағындағы «Қарасу-2» каналының жағалауында өтті.
Айта кетейік «Таза Қазақстан» акциясы басталғаннан бері Жамбыл облысында 816,6 шақырым канал мен арық қоқыстан тазартылған.
Сондай-ақ бүгінде Тараз қаласындағы «Қапал», «Үшбұлақ», «Қарасу-1», «Қарасу-2», «Төрегелді» каналдарын механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Жауапты мамандардың айтуынша, жыл соңына дейін 300 шақырымға жуық каналдар мен арықтар тазартылатын болады.
Бұған дейін аймақ басшысы облыс орталығындағы су каналдары мен арықтардың жай-күйімен танысып, кешенді тазалаудан өткізу бойынша қала басшылығына нақты міндеттер жүктеген болатын.  Соған сәйкес, қазіргі таңда 6 каналда механикалық тазалық жұмыстары қарқын алды. Жалпы биыл қаладағы 8 канал тазалаудан өтеді.