Қаскерлікке жол жоқ
Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлері жануарлар дүниесін заңсыз аулаушылармен күресті жүйелі түрде жүргізіп келеді.
Ағымдағы жылдың 1- тоқсанында жиырмаға жуық қаскерлердің жолын кесіп әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып 2 аңшылық атыс қаруы тәркіленіп, аудандық полиция бөлімшелеріне өткізілді. Табиғат-ел байлығы. Сондықтанда оны қарашығымыздай сақтап, келер ұрпаққа бүтіндей жеткізу бүгіннің міндеті болып саналады. Аймақтық өзіндік климаттық жағдайы қоршаған ортаға, оның ішінде сол жерде мекен ететін жабайы жан-жануарлар әлеміне, өсімдіктерге өзіндік әсерін тигізеді. Облыстың жануарлар дүниесі алуан түрлі. Сүтқоректілердің 50-ден астам түрі (Қызыл кітапқа енгізілген үстірт тау қойы (арқар), қарақұйрық, т.б.), құстардың 270-тей түрі (Қызыл кітапқа енгізілген ақсұңқар, ителгі, лашын, үкі, бүркіт, сыңқылдақ аққу, жорға дуадақ т.б ) кездеседі. Қазіргі таңда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және аңшылық алқаптарда қорғау жұмыстары жақсы жолға қойылған деп айтуға толық негіз бар. Сондықтан сирек кездесетін жануарларды баршамыз жұмыла қорғауымыз қажет. Облыс тұрғындарына айтарымыз, қандайда бір браконьерлік фактілерді естіген, көрген болсаңыз, жергілікті құқық қорғау органдарына немесе аумақтық инспекцияға хабарласыңыз (байланыс ном: 87262 34-12-84). Сіздерді бірігіп күресуге шақырамыз!
Жұмағұлов Бекжан Сәрсенбекұлы,
Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы жануарлар дүниесі аңшылық шаруашылығы бөлімінің бас маманы