Жаңалықтар

Қазақтелекомға тарифтердің көтерілуіне қатысты ескерту жасалды

Компания бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуы мүмкін

Бәсекестікте қорғау және дамыту агенттігі «Қазақстелеком» АҚ-ға алдын ала ескерту жасады, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

«Қазақтелеком» АҚ 20 мамырда өзінің интернет-ресурсында 2024 жылғы 1 шілдеден бастап тарифтердің көтерілуі туралы ақпарат жариялаған болатын.

Атап айтқанда, үй интернеті қызметтерін, сондай-ақ ұялы байланысы бар пакеттік қызметтерді қамтитын тіркелген байланыс бойынша 51 мұрағаттық тарифтік жоспарға өзгерістер енгізілетіні туралы хабарланды.

Байланыс туралы заңнамаға сәйкес байланыс қызметтеріне тарифтерді байланыс операторлары тек негізделген шығындар негізінде белгілейді.

Осыған байланысты, БҚДА Кәсіпкерлік кодекстің 198-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында 2024 жылғы 24 мамырда «Қазақтелеком» АҚ-ға қатысты заңнаманы бұзуға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттер жасауға жол бермеу туралы алдын ала ескерту жолдады, – делінген БҚДА хабарламасында.

тарих Қазақтелеком Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ескерту