Әскери өмір азаматты шыңдайды
Әскери салаға өмірін арнаған азаматтың бірі – Жуалы ауданында орналасқан 91678 әскери бөлімнің оқ атумен қолдау ротасының мергендерге қарсы взводының командирі Фархат Шымырбаевтың әскери атағы 3-сыныпты сержант.
Фархат Шымырбаев 2010 жылы Астана қаласындағы Экономика және заң колледжіне оқуға түсіп, «Заңгер» мамандығы бойынша бітіреді. Алғашқы еңбек жолын Астана қаласындағы «Ақсұңқар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пластик цехында әйнек салушы болып бастаған. Цехта жұмыс істеп жүріп әскерге шақыртылып, әскери борышын Астана қаласындағы 6636 әскери бөлімінде өтейді. Отан алдындағы борышын өтеп келген соң М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне «Заңгер» мамандығы бойынша сырттай оқуға түсіп, 2014 жылы бітіреді. 2013 жылы Жуалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы 91678 әскери бөліміне келісімшарт негізінде әскери қызметке шақырылып, арнайы мақсаттағы барлау ротасының 3-арнайы мақсаттағы барлау тобының аға маман (аға барлаушы) лауазымына орналасады. Әскери бөлімде тау-атқыштар ротасының 3-тау-атқыштар взводының, 2-тау-атқыштар бөлімшесінің командирі, тау-атқыштар ротасының 1-тау-атқыштар взводының сержанты, оқ атумен қолдау ротасының мергендерге қарсы взводының командирі қызметтерін атқарады.
Жұмыс барысында өзін жақсы қырынан көрсете білген Фархат 3-сыныпты сержант шенінде қызмет етуде. Мұнда Ф.Керімқұлұлы 18-30 жас аралығындағы 16 адамнан құралған взводты басқарады. Тобында барлаушы, мерген сынды өз маманының хас шеберлері жиналған.– Әсіресе таңғы саптық даярлық кезінде рота мүшелерімен бірге түрлі патриоттық әндерді шырқаймыз. Бұл көбінесе топ мүшелерінің көңіл күйін көтеруге өз әсерін тигізеді. Қазақ және орыс тілдеріндегі әндерді барынша жаңартып отыруға тырысамыз.
Лаура МҰСАБЕКОВА,
журналист,
Жуалы ауданы