Жаңалықтар

Алтын құрсақты аналар ардақталды

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тараздық көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларын табыстады. Жиынды Бақытжан Әмірбекұлы құттықтау сөзбен ашып, алтын құрсақты батыр аналарға жылы лебізін арнады.

– Өздеріңізге белгілі, егемендік жылдары демографиялық саясатқа барынша назар аударылды. Нәтижесінде бүгінде халық саны 20 миллионға жетті.Жемісті саясаттың арқасында Тараз қаласы тұрғындарының саны да артып, бүгінде 430 мыңнан асты. Ана мен баланы қорғау мақсатында да көптеген игі іс қолға алынып, жарқын жобалар жемісін беруде. Мұның барлығы біздің елімізде әйелдер қауымының орны биікте екенін айғақтайды. 


Салтанатты жиынға 17 ана қатысып, құрмет құшағына бөленді.
Басқосу соңында аналардың атынан қала тұрғыны, «Алтын алқа» иегері Зилиха Алтаева сөз алып, батасын берді.

 

А.Орынбасарқызы