24 малдан бруцеллез анықталды
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ветеринариялық стансасы Жамбыл аудандық бөлімінің басшысы Төрехан Қойлыбаев Жамбыл ауданындағы эпизоотиялық жағдай туралы баяндама жасады.
Аудандық ветеринария бөлімінің негізгі қызметі – аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу, диагностикалау, вакцинациялау, малдан алынатын тамақ өнімдері мен шикізаттардың адам өміріне қауіпсіздігін анықтау. Қазіргі таңда ауданда 44 930 мүйізді ірі қара, 363 021 уақ мал, 24 264 жылқы, 54 түйе, 1 997 шошқа тіркелген.
Баяндамашының айтуынша, мемлекеттік тапсырыс бойынша 2024 жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарға сәйкес орындалуда.
Сонымен қатар аудандағы 7 елді мекенде 9 Сібір жарасы ошағының көміндісі орналасқан екен. Баяндамашының айтуынша, Сібір жарасы көмінділері ветеринариялық талаптарға сәйкес қоршалған, бетондалған, ал тақтайшаларда аурудың тіркелген жылы, айы жазылған. Ақбастау мен Өрнек ауылдық округтерінде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталыпты.
Э.ТІЛЕУБЕРДІҚЫЗЫ