Жаңалықтар

Ерұлан Жамаубаев ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған. Білімі жоғары, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, «Қаржы және кредит», 2009 жылы Қазақ экономикалық университетін бітірген, «Іскерлік әкімшілендіру магистрі».

Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

Мемлекеттік наградалары:

«Ерен еңбегі үшін» медалі, «Құрмет» ордені.

Медальдары:

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Теңгеге 20 жыл», «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медальдары.
«Ұлттық Банктің еңбек сіңірген қызметкері» белгісі.

Еңбек жолын 1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы болып бастаған.

1998-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Зерттеулер және статистика департаментінің жетекші сарапшысы, бас сарапшысы, бас маман-сарапшысы, басқарма бастығы, директор орынбасары;

2006-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Үйлестіру департаментінің директоры.

2014-2015 жылдары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ның басқарушы директоры.

2015 жылғы шілде мен қараша аралығында – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2015 жылғы қараша мен 2018 жылғы қараша аралығында -Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.

2018 жылғы қараша мен 2019 жылғы наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі.

2019 жылдың наурыз айынан бастап - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болды.

2020 жылдың 18 мамырынан бері ҚР Қаржы министрі қызметін атқарып келді.

2022 жылы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындалды.