Жол қателікті кешірмейді
«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының 5 күнінде полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 5 қылмыскерді, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтап, тасымалдағаны үшін 6 адамды және 8 заңсыз мигрантты ұстады. Сондай-ақ кезекші тәулікте 36 қылмыс ашылды.
Полиция қызметкерлерімен барлығы 4 965 әкімшілік құқықбұзушылық дерегі анықталды. Нақтырақ айтсақ, тіркеусіз немесе құжатсыз тұру жағдайының 1 041 дерегі, 307 ұсақ бұзақылық дерегі, 303 адам алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін 146 бұзақы жауапқа тартылған.
Түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және ересектердің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болған 496 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталған.
Рейдтік іс-шара барысында полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың бірнеше дерегін анықтады.
19 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған, 8 азамат көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сондай-ақ 571 жүргізушіге қатысты белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. 1 637 жаяу жүргінші жолдың белгіленбеген жерінен кесіп өткені үшін жауапкершілікке тартылды. Айыптұраққа 167 көлік қойылды. Облыстық полиция департаменті қоғамдық тәртіп пен жолда жүру ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.
Айжан Өзбекова