Жаңалықтар

Отбасы – өмір аясы

Іс-шара бүкіләлемдік отбасы күніне орай өтті

Жуырда Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Отбасылық  жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында, 15 мамыр – Бүкіләлемдік отбасы күніне орай  отбасылық оқу дәстүрін қайта жандандыру, отбасында туындайтын мәселелердің дұрыс шешімін табу, әртүрлі әлеуметтік сала мамандарынан жауап алу мақсатында «Отбасы – өмір аясы» инфосабақ өткізілді.  
«Анаға тағзым орталығының» психолог маманы – Назымбекова Аида Байялыевна бала психологиясы туралы мағлұмат берсе,  әлеуметтік көмек беру бөлімінің бас маманы – Шагырбаева Мира Жакудиновна  көп балалы, жалғыз басты  аналарға үкімет тарапынан берілетін әлеуметтік көмек жайында хабардар етіп , «Отбасы банк» қызметкерінің қаржылық кеңес беру бөлімінің маманы – Дукенбаева Назира Зиятбековна  тұрғын үй алу жолдары туралы ашып айтты. 
Іс-шара  соңында кітапхана қорындағы отбасы туралы кітаптар мен журналдарға шолу жасалды.