Заң

Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шықты

Экс-министрге азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айып тағылды

Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.

Экс-министр Бишімбаев Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (қинау) бойынша кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Ол сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру) бойынша кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Бишімбаев түпкілікті 24 жылға бас бостандығынан айырылды.