Жаңа министр ант берді
Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа министрге сәттілік тіледі
Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалған Жаслан Мәдиев ант берді, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін, - деді Жаслан Мәдиев.
Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа министрге сәттілік тіледі.
Бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне Жаслан Мәдиевтің тағайындалғаны хабарланған еді.