Маршал коневтің көз жасы немесе сұм соғыстың ащы шындығы
Жеңістің 25 жылдығы қарсаңында маршал Конев «Комсомольская правда» газетінің тапсырысы бойынша мақала жазуға көмектесуді сұрады. Әр алуан әдебиеттерді жинақтап алған мен сол заманның жеңіс лебі есіп тұратын рухына сай күтіп отырған дүниесінің «сұлбасын» жедел құрастырып, келесі күні қолбасшыға бардым. Түр әлпетінен байқалғандай, көңіл күйі онша емес екен.