Қазақстанда сот сараптамасының жаңа түрі жүргізіледі
Әділет министрлігі сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамаларының түрлерінің және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі біліктілік беретін сараптамалық мамандықтардың тізбесіне қосымша дайындады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.
Атап айтқанда, тізім тиісті сарапшылық мамандығы бар сот сараптамасының мынадай түрімен толықтырылды:
Зияткерлік меншік объектілерінің сот сараптамасы.
Даралау құралдарын олардың ұқсастығына криминалистикалық сараптама.
Түсіндіргендей, толықтыру зияткерлік меншік объектілері бойынша сот сараптамасын тағайындау көлемінің артуына байланысты енгізілуде.