Жаңалықтар

Облыстық ҚАЖД №58 мекемесінде мерекеге орай мәдени-спорттық іс-шара өтті

Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын ұстануға шақыру

Биыл 1 мамыр, Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында № 58 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында - «қол күрестен, гір көтеруден, футболдан, дойбы ойындарынан» мәдени-спорттық іс-шаралары САТжӘПЖЖ бөлімінің жасақ бастықтары ұйымдастыруымен өткізілді.

Жарыстың мақсаты- сотталғандардың салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және патриоттық сезімдерін ояту, ұйымшылдық пен ынтымақтыстықты қалыптастыру, зияткерлік спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттыру.  

  Ойын қорытындысында қызықты да тартысты өткен спорттық жарыста жеңімпаздар анықталып, түрлі дәрежелі жүлделі орындарға ие болған сотталғандар марапатталды.