Көпбалалы аналар-құрмет құшағында
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен көпбалалы аналарға «Алтын» және «Күміс» алқаларды табыстау рәсімі өтті.
Жиында әуелі шаһар басшысы сөз алып, аналарға ақжарма тілегін жеткізді.Өздеріңізге белгілі, егемендік жылдары демографиялық саясатқа барынша назар аударылды. Нәтижесінде бүгінде халық саны 20 миллионға жетті.
Тараз қаласының тұрғындарының саны да артып, 430 мыңға жуықтады.
Жалпы елімізде ана мен баланы қорғау мақсатында көптеген игі іс қолға алынып, жарқын жобалар жүзеге асуда.
Мұның барлығы елімізде әйелдердің орны биік екенін айғақтайды.
Елімізде көпбалалы аналарға әрдайым қолдау көрсетіліп келеді. Бүгінгі сіздермен жүздесуіміз де соның бір көрінісі, – деген Бақытжан Әмірбекұлы марапат иелеріне алқаларын табыстады.
Аналар да өз кезегінде шаһар басшысына шынайы ризашылықтарын жеткізді.
Осы орайда айта кетерлігі, Тараз қаласы бойынша 2010-2023 жылдар аралығында жалпы 2 753 көпбалалы ана «Алтын» және 2 516 ана «Күміс» алқамен марапатталған.
Ал бұл күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 27 қарашадағы №401 Жарлығы бойынша 11 көпбалалы анаға «Алтын», 44 анаға «Күміс» алқа табыс етілді.
Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы