Жаңалықтар

Жеке куәліктің дизайны өзгеруі мүмкін

Жоба 21 мамырға дейін ашық талқыланады

Қазақстанда жеке куәліктің дизайны өзгеруі мүмкін, деп хабарлады Arainfo  тілшісі.

Ішкі істер министрі бұйрығының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Жаңа өзгеріс төмендегідей:

Куәліктің беткі жағында «ЖЫНЫСЫ» деп жазылады.

Ал құжаттың артқы жағына штрих-код түрінде кодталған ЖСН және азаматтығы туралы деректер жазылады.

Жоба 21 мамырға дейін талқылауға ұсынылды.