Асыл қасиеттеріміз айқындалатын күн
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
– Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Сондықтан да «Береке бастауы – бірлік, ел іші – тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін Қазақстан халқының бірлігі күнінің орны ерекше.
Бұл мейрам ұлттық болмысымызды айқындайтын асыл қасиеттеріміз – достықты, сенімді және патриотизмді дәріптейді. Сонымен қатар ортақ келісім мен ауызбіршілікті қастерлі құндылығы санайтын көпұлтты халқымыз үшін еңселі елдіктің, ырысты ынтымақтың мейрамы.
Халқымыздың ырыс-ынтымағы тарих пен тағдыр сыйы ғана емес, әрқайсысымыздың ерен еңбегіміз бен зор жауапкершілігіміздің нәтижесі. Береке-бірліктің арқасында елімізде тұрақтылық пен үйлесімділік салтанат құруда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындап берген саяси бағдар этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті нығайтуға бағытталған.
Бүгінгі шуақты мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін! Мемлекетіміздің мәртебесі биіктей берсін.