Жаңалықтар

Ынтымақ ырысқа бастайды

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

– Біз, қазақстандықтар – ең бақытты халықпыз. Себебі 130-дан аса түрлі этнос өкілі қазақтың қасиетті қарашаңырағының астында біртұтас ел болып достықта, бейбітшілікте тату-тәтті өмір сүріп келеді. «Қайда барасың?» деп бақтан сұраса, «Ынтымағы жарасқан елге барамын!» деген екен. Сол айтқандай, еліміздің іргесі берік болуы ажырамас ынтымағына тікелей байланысты.

«Күш – бірлікте!» демекші, бірлігі жарасқан елдің ғана мерейі үстем болады. Достық пен бірлік арқылы ғана қуатты, бай және әлеуметтік жағынан сенімі нық мемлекет құра аламыз. Біздің бірегей жолымыз – елімізде өмір сүретін ұлт пен ұлыстың тең құқылы болуы, ынтымағы мен келісімі. 
Ендеше, құрметті жерлестер, баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, таусылмас бақыт тілеймін. Еліміз өркендеп, өсе берсін! Халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашанда ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін. Еліміз бен жерімізде әрқашан бейбітшілік пен ырыс-береке орнасын, мемлекетіміздің іргесі бекіп, шаңырағы асқақтай беруін тілейміз. Себебі Отанның отбасынан басталатынын ескерсек, әрбір отбасы ел келешегінің жарқын болуын қалайды.

Махкам ОРИФОВ,
«Тәжік» этномәдени 
бірлестігінің төрағасы