Жаңалықтар

Отанымыздың аспанын бұлт шалмасын

Мерекеге орай пікір

– Тәуелсіз еліміздің болашағы өзара сыйластық және мызғымас достық сияқты мемлекеттігіміздің берік негіздеріне байланысты. Сондықтан бүгінгі мереке туған жерге деген шынайы сүйіспеншілігіміз бен шексіз құрметіміздің айшықты белгісі болып саналады.

Тәуелсіз ел тарихындағы ерекше күннің бірі әрі бірегейі де осы мереке. Өйткені бұл мереке – бірлік пен достықтың шынайы көрінісі. Барша қауымның жүрегінен орын алған осы мерейлі мерекені Қазақстан халқы ерекше көңіл күймен атап өтеді.
Қазақстан халқының бірлігі күні біз үшін негізгі мереке. Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік. Әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін. Ортақ Отанымыздың аспанын бұлт шалмасын, күн сүйген көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін!

Махмутжон ДАВРИШЕВ,
«Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі облыстық филиалының төрағасы