Жастар

Ерлік сабағы өтті

Ерлік сабағын аталған мектеп-гимназияның алғашқы әскери-технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы, запастағы подполковник Рысмағамбет Жүсіпов ашып, жүргізді.

Оның айтуынша, кездесудің оқушылардың бойындағы патриоттық сезімді қалыптастыруға ықпалы зор.
Өрендердің алдында сөз сөйлеген Тараз қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, полиция подполковнигі Ербол Өтебаев өзі басқарып отырған басқарманы әскери саланы таңдағысы келетіндер үшін алғашқы қадам екенін атап өтті. Қазақтың мақтаныштары Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаев та ерлік жолдарын әскери бөлімнен бастағанын жеткізді.

– Жоғары сынып оқушылары алдағы жылдары міндетті әскери қызметке шақыру аясында облыстық қорғаныс істері басқармасына жіберілетін болады. Соған дейін армиямыздың тарихы туралы білімге қанық болғандарыңызды және қазақ батырларының ерліктерін білгендеріңізді қалаймыз. Отанның беріктігі әскери қызметтің сапалы орындалуына байланысты. Сондықтан әскери саланы таңдағысы келетін жігіттер дайындықты қазірден бастағаны жөн, – деді Е.Өтебаев. ҚР Қарулы Күштері ардагерлер кеңесінің облыс бойынша төрағасы, запастағы подполковник Рамиль Тартықов та әріптесінің сөзін қолдады. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында жинақтау пункттеріне қазіргі мектеп оқушыларымен құрдас, өте жас ұлдардың келгенін еске салды.Тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов, қатардағы жауынгер Григорий Булатовпен бірге Рейхстагқа ту тіккен лейтенант Рахымжан Қошқарбаев та майданға өте жас шағында аттанды. Биыл жүз жылдығын тойлап жатқан батырларымыз Отанын қорғап, әскери борышын абыроймен атқарып, ерліктерімен Қазақстанның даңқын асқақтатты. Алдағы уақытта да сендердің араларыңнан осындай батырлар шығады деп сенеміз, – деді Р.Тартықов. Запастағы генерал-майор Рыспек Көшербаев Ауғанстандағы соғыс ардагерлері одағының облыс бойынша төрағасы Керім Ізбасаров және басқа да кеш қонақтары оқушыларға соғыс жылдарында ерліктерімен көзге түскен батырлардың өмір жолы өскелең ұрпаққа нағыз үлгі екенін айтты. Өз кезегінде жас буын да қонақтарға сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды. Мектеп-гимназия директорының міндетін атқарушы Гүлнар Лайқова білім ордасына арнайы келіп, оқушыларға ерлік сабағын өткізген қонақтарға алғысын білдірді. Ол әскери қызметкерлер мен ардагерлерді шақыру арқылы ұйымдастырылған мұндай кездесулер балалардың бойында отансүйгіштік сезімін оятып, әскери мамандықты тереңірек түсінуге ықпал ететінін атап өтті.

                                                                                                                                                                                                                                           

                                                                                                                                                                                                                                                                  «AR-AI»-ақпарат