Облыста үш ауысымды мектептің жыры бітеді ме?
Биыл өңірде 19 мектеп пайдалануға беріледі
Жамбыл облысында жыл сайын 20-ға жуық білім нысандары жөндек жұмыстарынан өткенімен, үш ауысымды білім беру жағдайы өңірдің әлі өзекті мәселелерінің бірі. Бүгінгі таңдай аймақ бойынша 4 мектеп үш ауысымда білім береді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.
Осы орайда біздің тілшіміз "Ендігі оқу жылында үш ауысымды мектеп болады ма?" деген сауалды облыстық білім басқармасына жолдаған едік.
– Келесі 2024-2025 оқу жылында үш ауысымды мектеп болмайды, – деп жауап қайтарды облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Кзылкулова.
Айта кету керек, биыл өңірде 19 мектеп пайдалануға беріледі.