Жаңалықтар

Жер кадастырының құнын айқындау бойынша 1 525 қызмет түрі ұсынылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыс бойынша филиалы жыл басынан бері жер учаскесінің кадастрлық құнын айқындау бойынша 1 525 қызмет түрін көрсеткен.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыс бойынша филиалы жыл басынан бері жер учаскесінің кадастрлық құнын айқындау бойынша 1 525 қызмет түрін көрсеткен. Тарқатып айтсақ, кадастрлық бағалау бойынша облыс тұрғындарына 78 қызмет түрі ұсынылыпты. Сәйкестендіру құжатына қатысты шаруа қожалықтарға – 649, шағын бизнестерге –368, қосалқы шаруашылықтар мен жеке тұрғын үйлерге 52 қызмет көрсетіліпті. Сол секілді мемлекеттiк жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесi бойынша барлығы 378 қызмет түрі ұсынылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыс бойынша филиалы директорының орынбасары Ақерке Әбітбекова айтты. 

– Кадастрлық құн – жер учаскесінің есептік құны, мемлекет жер учаскесін немесе оған жалдау құқығын сатқан кезде қолданылатын, жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептік құны.
Мемлекеттік қызмет түрі корпорациямен жеке немесе заңды тұлғаларға көрсетіледі. Жер учаскесінің кадастрлық құнын айқындауға өтінішті қабылдау халыққа қызмет көрсету орталығы немесе портал арқылы жүзеге асырылады.
Қызметті алу үшін пайдаланушы порталға кіріп, «Жылжымайтын мүлік» бөліміндегі үш қызметтің бірін таңдауы керек. Содан кейін порталда көрсетілген қадамдық процеске сәйкес өтінімге кіріп, толтырылады. Біз негізгі мәліметтерді барынша қамтуға және өтінім беру процесін жеңілдетуге тырыстық. Пайдаланушы тек тізімнен бір тармақты таңдап, төлем жасап, қажетті құжаттарды салып, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қою керек.
Қызметті алу процесінде порталда электрондық жоспарда көрсетілген барлық жер учаскелері мен аумақтар туралы ақпарат автоматты түрде көрсетіледі. Осы тізімнен сұрау жіберу үшін сайттардың бірін таңдау керек. Өтініш жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрына тікелей түседі. Өтініштің жауабымен пайдаланушы жеке кабинеті арқылы танысуға болады, – 
деген Ақерке Ильясқызы учаскенің көлеміне байланысты төлем сомасы айқындалатынын айтты. 
Сондай-ақ елді мекендер шегінде орналасқан жер учаскелері бойынша елді мекеннің және бағалау аймақтарының белгіленген шекаралары болған кезде 4 минут ішінде жұмыстарды жүргізу үшін қажетті құжаттардың болуын тексеру жүзеге асырылады. Толықтыра айтсақ, 12 минут ішінде кестелер мен қабаттардан (елді мекеннің шекаралары, бағалау аймақтары және басқа анықтамалықтар) ақпарат жинау жүргізіледі. 
– Егер елді мекен шегіндегі жер учаскесі жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры (елді мекеннің шекаралары, бағалау аймақтары және басқа анықтамалықтар) қабаттарында көрсетілмесе, бұл ретте жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен жер учаскесіне мемлекеттік акт болса, онда кадастрлық бағалау құнының жұмыс көлемі 3 жұмыс күнінде орындалады.
Елді мекеннің және бағалау аймақтарының белгіленген шекаралары болмаған кезде және елді мекеннің шекарасында орналасқан жер учаскелері бойынша құжаттар келіп түскен кезде 3 жұмыс күні ішінде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры дерекқоры бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді. Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелеу және сақтау жөніндегі құрылымдық бөлімшесінен мұрағат материалдарын түзету коэффициентінің есебін жасайды. Осылайша жер учаскесінің кадастрлық құнын есептеу жүргізіліп, жер учаскесінің құн актісін дайындайды.
Құрылыс салуға, ғимараттарға қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға берілетін елді мекендер шегінен тыс орналасқан жер учаскелері бойынша және ауылшаруашылығын пайдалану мақсаттары үшін кадастрлық бағалау құнын айқындауға жүгінген кезде жер учаскесінің кадастрлық құнын есептеу және жер учаскесінің құны актісін қалыптастыру 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, – деді А.Әбітбекова.
Спикер мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш, жеке куәлік, жер учаскесін таңдау актісінің және орналастыру схемасының көшірмесі, ауылшаруашылығы алқаптарын экспликациялау (ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер үшін), түбіртек керек екенін жеткізді.

 

                                                                                                                                                                                                                                                 А.ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ