Цифрлық Қазақстан

Қазынашылық жүйесіндегі жаңа бағыт

Электрондық депозитарий – мемлекеттік сатып алу веб-порталында қалыптасатын, әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың электрондық дерекқоры. ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 8 тарауына сәйкес электрондық депозитарийді қалыптастыру және жүргізу жүзеге асырылады.

Әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін аумақтық қазынашылық органдары арасында автоматты түрде «рандомно» түседі және өтінімді он жұмыс күн ішінде қарап, нәтижелері бойынша растау немесе растаудан бас тарту/ауытқу туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері бюджет қаражаты есебінен және бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылғы құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды электрондық депозитарийге енгізу туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері арқылы қарайды.
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және 2014 жылғы 
1 қаңтардан бастап пайдалануға берілген объектілер бойынша әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың анықтығы қазынашылық органдарының деректері негізінде айқындалады.
2014 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалануға берілген объектілер бойынша әлеуетті өнім берушінің өтінімінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттардың анықтығын тапсырыс беруші немесе меншік иесі, сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті орган не мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын орган не құрылыс объектісі орналасқан жер бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті орган растайды.
Құжаттар осы көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде кемінде бір тұлғадан растау болса, мұндай құжаттар дұрыс деп танылады.
Бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын пайдалануға енгізілген объектілер бойынша әлеуетті өнім берушінің өтінімінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттардың дәйектілігін:
тапсырыс беруші немесе меншік иесі;
құрылыс объектісінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын орган растайды.
Әлеуетті өнім берушінің жобалау бойынша соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы құрылыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң сараптамалық қорытындыларымен расталады.
Соңғы бес жылдағы техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер бойынша әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша құрылыс объектілерін  пайдалануға қабылдау актілерімен расталады.
Бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша:
тапсырыс берушінің немесе меншік иесінің;
сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті органның не мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын уәкілетті органның не құрылыс объектісінің орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органның деректері негізінде расталады.
Бүгінгі күні облыс бойынша қазынашылық департаментінің электрондық депозитарий бөлімі 2 174 мәлімет пен құжатты қарады, оның 1 036-сы расталды, 1 138-і қайтарылды.

Жазылбек БУХАШЕВ,
облыс бойынша 
қазынашылық департаменті 
басшысының орынбасары