Киік санын реттеуге қатысты жаңа құжат жарияланды
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің киік санын реттеуге байланысты бұйрық жобасы жарияланды.
Бұйрық жобасы саны реттелетін жануар түрін алып қоюға мемлекеттен рұқсат алу үшін жазылатын өтінім үлгісіне және сол өтінім негізінде рұқсат беру құжатының үлгісіне өзгеріс енгізуге арналған.«Жануарлар санын реттеу учаскесінің ауданы және шекарасы» деген тармақтың аяғына «(ақбөкеннің санын реттеуді қоспағанда)» дейтін қосымша тіркес енгізілмек. Орманшаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мамандары бұл өзгеріс киік санын реттеу саясатындағы соңғы өзгерістермен байланысты ұсынылып отырғанын айтады.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орманшаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Тұрғамбаев киік санын мемлекет реттемесе, киіктің көбеюі шаруаларға зиян тигізеді деген уәж айтқан болатын.Алайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай өңіріндегі сапары кезінде ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді.Сондай-ақ биыл мамырда еліміз бойынша киік санағы жүреді
Бетті дайындаған Ақтоты Жаңабай