Балаларды ауыр сөмкелерден арылту қажет - премьер-министр
Балаларды ауыр сөмкелерден арылту қажет - премьер-министр
Үкімет үйінде өткен кеңес барысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру жөнінде тапсырма берді, - деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Премьер-министр Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің отырысында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасының негізгі тәсілдерін мақұлдағанын, оның шеңберінде 800 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салу жоспарланғанын еске салды.
Сондай-ақ, ол оқу процесін цифрландыруды тездету қажеттігін атап өтті.
Кеңес соңында ол Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне байланыс операторларымен бірлесіп, еліміздің барлық мектептерін сапалы жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды.