Байзақта ағаш көшеті егілді
19 түлек естелік ретінде ағаш отырғызған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» атты бес апталық республикалық экологиялық акциясын өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, қоғам үшін маңызы зор «Жасыл аймақ» тақырыбындағы іс-шараға Байзақ ауданы, Суханбаев ауылдық округінің мектеп бітіруші түлектері де өз үлестерін қосты.
Тазалық жұмыстары барысында Жақаш ауылындағы Кеңестер Одағының батыры, жерлесіміз Ақәділ Суханбаев атындағы орта мектептің алдындағы батырға арналған ескерткіш аумағында осы мектепті бітіруші 19 түлегі естелік ретінде ағаш көшеттерін отырғызды.
Бұл тек қоғамдық пайдалы жұмыс емес, оқушылардың өздерінің туған мектебі мен туған ауылын көгалдандыруға және жақсартуға қосқан үлестері. Сонымен қатар, батыр есімін иеленген орта мектепте оқып, тәрбиеленген түлектердің естелігі.