Жамбыл жаңалықтары

Су тасқынына қарсы оқу-жаттығу өтті

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің шұғыл тапсырмасы бойынша Тараз қаласы мен Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Т.Рысқұлов және Қордай аудандарында су тасқынының, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ауқымды оқу-жаттығу ұйымдастырылды.

Іс-шарада басқару органдарының, Төтенше жағдайлар министірлігінің аумақтық құрылымларының, жеке құрамнан тұратын шұғыл әрекет ету жасағының дайындығы іс жүзінде тексеріледі. Сондай-ақ суқоймалар мен каналдардың ахуалы, арықтардың тазалығы зерделенеді.

Оқу-жаттығу барысында анықталған бірқатар кемшілікті жою, жұмыстарды күшейту бойынша жауаптыларға нақты міндеттер жүктелді. Жалпы облыс бойынша оқу-жаттығу жұмыстарына 618 адам, 192 техника тартылды. Айта кетейік, Қазгидромет республикалық облыстық филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 2024 жылдың 23-26 сәуір аралығында өңірде қатты жауын-шашын күтілуде.

Осыған байланысты облыс әкімі жауаптыларға су басу қаупі жоғары аймақтарды жіті зерделеп, шұғыл әрекет ету жасағының дайындығын пысықтауды тапсырған болатын.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі