«Қазақстан мұғалімі» ұлттық cыйлығына өтінім қабылдау басталды
Байқау Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткізіледі
«Қазақстан мұғалімі» ұлттық cыйлығына өтінімдерді қабылдау басталды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
Байқауда мұғалімдердің академиялық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік маңызды, қоғамдық қызметтегі ерекше жетістіктері бағаланады.
«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Ол – 1 миллион АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қоры бар «Әлем мұғалімі» сыйлығының (Global Teacher Prize) ұлттық кезеңі.
Мұғалім – қоғам үшін құрметті де қажетті мамандықтардың бірі. Әрбір мұғалімнің шығармашылық әлеуеті бар және әр мұғалім қолдау мен құрметке лайық. Сыйлық мұғалімдердің ерекше жетістіктерін мойындап қана қоймай, оларға өсу мен өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.
«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы туралы толық мәліметті https://www.teachers-summit.org сілтемесі арқылы көруге болады.