Қазақстанда ескірген көліктерге такси қызметін атқаруға шектеу қойылуы мүмкін
Қазақстанда такси қызметін жүйелеу мақсатында жаңа заң жобасы әзірленді
Шыққанына 15 жылдан асқан көліктерге такси қызметін атқаруға шектеу қойылмақ, деп хабарлады Arainfo.kz тілшісі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Информбюро мәліметінше, елімізде такси жүргізушілері жүргеніне 15 жылдан асқан көліктермен жолаушы тасымалдай алмауы мүмкін. Сондай-ақ таксишілер машинасына арнайы белгі қоюуы керек, жүргізуші картасы болуы шарт. Қазақстан стандарттау және метрология институты дайындаған жаңа заң жобасы қазір қоғамдық талқылауда.
Алайда осы кәсіптен нәпақа тауып жүрген жүргізушілер жаңа талапқа қарсы. Қазақстанда такси қызметін жүйелеу мақсатында жаңа заң жобасы әзірленді. Құжатқа сәйкес енді жүргізушілер шыққанына 15 жылдан асқан көлікпен жолаушы тасымалдай алмауы мүмкін.
Тіпті, осы кәсіппен нәпақа тапқыңыз келсhttps://arainfo.kz/26470/k-yeuinen-ysym-k-retinder-k-pе машинаңыздың жүріп өткен қашықтығы 500 шақырымнан аспауы тиіс. Жаңашылдық мемлекеттік стандарт жобасы аясында жүзеге асырылған.