Қола шырағдан
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында ықылым заманнан жеткен жәдігерлер жеткілікті.
– Жәдігердің пішініне қарап-ақ ортағасырлық қолөнер шеберлері қандай да бір бұйымды дайындау барысында өзіндік қолтаңбасын қалдыруға тырысқанын айқын аңғарамыз. Шебердің ізденісі күрделі ою-өрнектерден де көрініп тұр. Бізде бар дерекке жүгінсек, бұл қола шырағдан ХI-ХІІ ғасырларда пайда болған, – дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Лаура Байтұрсынова.
Л.Байтұрсынованың айтуынша, тарихи жәдігер музей қорына 1964 жылы тапсырылған.
Ал бір пілтесі зақымданған шырағдан Тараз қаласындағы бұрынғы Көк базардың аумағынан табылған деген мәлімет бар. Түрлі ою-өрнекпен безендірілген жәдігердің біршама көнергені көзге анық байқалады.
Ш.ӘБДІРҰЛЫ