Білім саласындағы мәселелер сарапқа салынды
Президенттің білім саласына қатысты әр жылғы Жолдауларында, маңызды жиындарда берген тапсырмалары шеңберінде облысымызда жүйелі жұмыстар атқарылуда Мәселен, алдағы уақытта білім саласында олқылықтарға жол бермеу мақсатында облыс әкімдігі білім басқармасының қолдауымен «Қоғаммен байланыс» алаңын құру жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов БАҚ және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуінде мәлім етті.