Үздік ұйымдастырушы дәрігерлер анықталды
Кеше Тараз қаласындағы облыстық қан орталығында облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ұйымдастырушы» атты медицина қызметкерлері арасында облыстық байқау өтті. Кәсіби құзыреттіліктері мен көшбасшылық қасиеттері жоғары деңгейде қалыптасқан медицина қызметкерлерін анықтауды мақсат еткен жарыста 20 қатысушы бақ сынады.