«Тектұрмас» кесенесінде тазалық жұмыстары жүргізілді
Науқан аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында облысымызда «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны өтуде. Аталған акцияның екінші апталығында тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағы абаттандырылады.
Бүгін «Тектұрмас» кесенесінде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Тазалық апталығында кесене ауласына ағаш көшеттері отырғызылды.
Шараға шаһардың белсенді жастары мен «Жасыл ел – Тараз» мекемесінің қызметкерлері атсалысты.
Ауқымды науқан аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.