Жаңалықтар

Тарихи кесенелерге тазалық жұмыстары жүргізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» атты экологиялық науқан Таразда қарқынды жүруде.

«Киелі мекен» апталығы тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға бағытталған.
Осы орайда шаһардың белсенді жастары мен «Жасыл ел – Тараз» мекемесінің қызметкерлері «Қарахан» және «Дәуітбек» кесенелерінің маңайына санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауласына ағаш көшеттерін  отырғызды.
Ауқымды науқан аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.