Жаңалықтар

Жоғарғы сот 140 сот актісін жойды

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов республика соттарының 2024 жылғы бірінші тоқсандағы азаматтық істерді қараудағы қызметін қорытындылады.

Отырысты ашқан Н.Шәріпов бірінші сатыдағы соттарда талап қоюлардың артқанын атап өтті. Нотариустардың әрекетіне шағымдар, банкроттыққа, мемлекеттік сатып алуларға және залалдарды өндіруге қатысты талап қоюлар көбейген. Борышкерлердің елден тыс жерлерге шығуына санкция беру және аралық сотта атқару парағын беру туралы және тағы да басқа дауларды соттан тыс шешудің кеңеюіне байланысты материалдар 44 пайызға өскен.
Тиісінше аяқталған істер 15,6 пайызға, оның ішінде шешімдерді шығарумен – 12,5 пайызға және 28,4 пайызға тараптарды татуластыру бойынша іс жүргізу тоқтатылыпты.
Мүмкіндігінше тезірек, тараптарды сотқа шақырмай, 46 мыңнан астам іс тек іс құжаттары негізінде (оңайлатылған іс жүргізу) қаралған.
Баламалы әдістер арқылы 25 мыңнан астамына рұқсат етілген. Оның ішінде 6-7 мың іс бойынша сотқа дейінгі хаттама жасалыпты. Тараптар іс қаралғанға дейін дәлелдемемен алмасқан.
Татуласу арқылы соттар жанжалдарды азайтады және тараптарға отбасылық, серіктестік және еңбек қатынастарын сақтауға мүмкіндік береді.
Жоғарғы Сот жергілікті соттардың 140 сот актісін жойған және өзгерткен. Оның 45 пайызы міндеттемелерді орындауға, мұрагерлік дауларға және мәмілелердің жарамсыздығына қатысты. Ал 30 пайызы қаржылық-экономикалық даулар және 25 пайыз іс – тұрғын үй, жер, еңбек және сақтандыруға қатысты.
Жоғарғы Соттың судьялары Б.Ералиева, Б.Тоқтарова және А.Савинова қаржы-шаруашылық, шартттық, еңбек, жер дауларын қарау нәтижелері туралы хабарлады.

«AR-AI»-ақпарат