Құмар ойын құл етеді
Жыл санап елімізде құмар ойынның құрығына ілінгендер саны жауыннан кейін жарыса шыққан саңырауқұлақтай көбейіп барады. Байқамауымыз мүмкін, бірақ лудомандар бәріміздің айналамызда жүр. Себебі жеңіл ақшаға әуес болып, өз өмірін өзі ойран еткендер іс насырға шаппайынша құмар ойын ойнайтынын білдірмейді.
Біздің бүгінгі кейіпкеріміздің де (аты-жөнін айтпауымызды өтінді) құмар ойынмен әуестенгеніне 10 жылға жуықтаған. Жасы отызға таяса да орда бұзбаған жігіт осы уақытқа дейінгі тапқан-таянғанын құмар ойынға салып, болашағына балта шапқанына өкінетінін айтады. – Бала кезімізде компьютер клубтары көп ашыла бастады. Ойынға құмарлығым сол кезде басталды. Бірақ ағам біліп қойып, сабап, ойын ойнауға тыйым салды. Айтқанын тыңдап, компьютер клубтарына жоламай кеттім. Кейін Алматы қаласына оқуға түсіп, бірнеше студентпен пәтер жалдап тұрдық. Арамызда құмар ойын ойнайтын жастар да бар болып шықты.
– Косметолог болып жұмыс істеймін. Шу қаласында тұратын құдашам анда-санда келіп, косметологиялық процедура жасатып тұратын. Бірде Шу қаласының орталығында сауда жасауға ыңғайлы орын бос тұрғанын, бірге ақша шығарып жұмыс істеп, тапқан қаржыны теңдей бөліп алуға ұсыныс жасады. Жақын құдаша болған соң, әрі ұсынысы көңілімнен шыққандықтан жолдасымның келісімімен есепшотына 500 мыңға жуық ақша салдым. Арада 1 апта өткенде 500 мыңның үстіне 100 мың қосып қайтарды. Айтуынша, жеміс-жидегі тез өтіп кеткен, тапқан пайда да шаш етектен. Екеуміз де қуанып кеттік. «Дәніккеннен құныққан жаман» демекші, бұдан да көбірек ақша салайық деп ұсыныс жасады.
Сондай-ақ Президент жастардың құмар ойынға салынып, арзан табысқа ұмтылуына жол бермеу керегін ескертті.«Біз нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресу үшін кешенді жоспар қабылдадық. Үкімет лудоманиямен күреске қатысты дәл сондай жоспар қабылдауы керек. Құмарпаздыққа заң жүзінде шектеу қою қажет. «AMANAT» партиясы фракциясының бастамасымен осы мәселе бойынша тиісті заң жобасы әзірленді. Парламентте қаралып жатқан сол жобаны осы сессияның соңына дейін қабылдау қажет.
Біз жастардың құмар ойынға салынып, арзан табысқа ұмтылуына жол бермеуіміз керек. Адал еңбекпен тапқан табыс қана берекелі болады», деді.Жалпы психологтардың айтуынша, ойыншылардың көбісі құмар ойынның қауіпті екенін естіп-біле тұра «қалай болар екен, бір-ақ рет ойнап көремін» деп тәуелді болып қалады екен. Сол тәуелділіктің соңы көп адамды құрдымға кетіріп, қарызға белшеден батырып жатыр. Тіпті қызығынан шыға алмай, ақырында құнын өз өмірімен өтеуге дейін барады. Психологтар құмар ойыншылар ұтуды ғана емес, ойнау кезіндегі алатын рақат гормондары үшін жандарын қиюға дайын екенін айтады.
Сондай-ақ құжат аясында заңсыз лотоматиктерге мүлдем тыйым салынады. Ойында бәс тігу жасы 21 жастан 25 жасқа дейін көтеріледі.
Сонымен қатар балалар, білім беру, медициналық, діни және діни ұйымдар орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарда лотерея билеттерін таратуға және лотерея терминалдарын орнатуға тыйым салынады.
Айжан ӨЗБЕКОВА