Қоғам

Смартфонға тәуелділік — зиян

Ғаламтордың пайдасы да, зияны да бар.

Жалпы интернет адамдарды әлеуметтік желіде біріктіретін үлкен күшке ие. Қазіргі таңда әлеуметтік желі біздің басты ермегімізге айналды. Өйткені осы күні жас иа, жасамыс та ғаламтоғс тәуелді. Тіпті интернетсіз күндерін өткізе алмайтындар да бар. Әр нәрсенің жақсы және жаман жағы болатыны секілді интернет желісі де дәл сондай артықшылыққа ие. Атап айтар болсақ, бірде кез келген ақпаратқа жылдам қол жеткізіп, сұрақтарымызға жауап, ісімізге көмек ала алғанымызбен, бірде жалған сөздердің ортасына тап болуымыз ғажап емес.

Денсаулығымыздан табылып жатқан кінәрат, мидың дұрыс жұмыс істемеуіне интернетке тәуелділік әсер етіп жатқанын жоққа шығара алмаймыз.

Дей тұрағанмен қазіргі кезде интернетсіз біткен істі, атқарылған жұмысты, өтілген сабақты елестету қиын. Осы орайда смартфон, гаджет секілді құрылғыларды ең көп қолданатын жасөспірім, яғни жас балалар, оқушылар, студенттер екенін айтакетуіміз керек. Ашығын айтсақ, көгенделген қозыдай смартфонға амалсыз байланатынымыз жасырын емес. Жыл өткен сайын ғылым мен білімнің арқасында күнде бір жаңалық пайда болып, қоғамда түрлі техникалар қолданысқа енуде.

Біз цифрлық дәуірде өмір сүріп жатқандықтан интернеттің қажеттілігіне мұқтаж болуымыз заңдылық шығар. Алайда алтын уақытымызды босқа өткізіп, күнімізді пайдасыз іске арнап, телефонға телміргенше виртуалды өмірден бас тартып, шынайы өмірге оралу пайдалы екенін ұмытпайық. Интернетті тек қажетті ақпаратқа қол жеткізу үшін қолданаайық.

Айсұлу Садуақас,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік
университетінің 4-курс студенті