Жаңалықтар

Таза Қазақстан: "Киелі мекен" апталығы жалғасуда

Науқанға өңір тұрғындары белсене қатысуда

Әулиеата өңірі ежелден тарихи-мәдени ескерткіштер мен қасиетті кесенелерге бай өлке. Жалпы облыста 3510 тарихи-мәдени ескерткіш бар, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.

Осы ретте, 14-20 сәуір аралығына жоспарланған «Киелі мекен» апталығында облыс аумағындағы барлық тарихи-мәдени ескерткіштер, облыстық тарихи-өлкетану музейлерінің аумақтары абаттандырылады.

Мәселен бүгін "Жеңіс" саябағындағы Бауыржан Момышұлы ескерткішіне санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, белсенді жастар қатысып, саябаққа тал көшеттерін отырғызды. Жалпы демалыс орынның аумағына 500 түп раушан гүлі, 30 туя мен 20 ясин ағашы егілді.

Айта кету керек, экоакция алдағы апталарда да жалғасын табатын болады.