Департамент қызметкерлері жазғы киім үлгісіне көшті
Жуырда облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаметінің жеке құрамымен жазғы киім үлгісіне көшуге байланысты саптық байқау өтті.
Іс-шара барысында департамент қызметкерлері бір сапта тұрып, ҚР Әнұранын орындады.
Облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің бас маманы, әділет подполковнигі Дидар Рысбеков жеке құрамның киім үлгісіне, өздерімен бірге жетондарының болуы және қызметтік куәліктерінің атаққа және лауазымға сәйкестігіне тексеру жүргізді. Сонымен қатар баскиім, аяқкиім мен шеврондар, погондар мен тиісті белгілердің айқындалған талаптарға сай тағылуына назар аударылды.
Байқау соңында департамент бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Еркін Нұрбаев жеке құрамның киім үлгісіне қатысты қойылатын бірқатар талапқа тоқталды. Нысандық киім кию кезінде кемшіліктерге жол беруге болмайтынын шегелеп айтты. Жеке құрамға әрдайым қызметте сырт келбетімен де, іс-әрекетімен де ішкі істер органдарының қызметкері беделіне нұқсан келтірмеуді талап етті.
Айша Құдайберген,
М.Х.Дулати атындағы Тараз
өңірлік университетінің 4-курс студенті