Жаңалықтар

Елімізде 100-ге жуық ауыл ішімдіктен бас тартқан – ІІМ

Ішімдіктен бас тартқандардың көбі Қарағанды облысына тиесілі ауылдар

Қазақстанда шамамен 100-ге жуық ауыл тұрғындары ішімдіктен бас тартқан. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі  Halyq Uni-не сілтеме жасап.

«Қазақстанда жалпы 97 ауыл ішімдіктен бас тартқан. Қарағанды облысында – 50 ауыл, Түркістан облысы – 7 ауыл, Қостанай облысы – 6 ауыл, Ақтөбе облысы – 5 ауыл, Жамбыл облысы – 5 ауыл, ШҚО – 4 ауыл, Қызылорда облысы – 3 ауыл, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстары – 2 ауыл, Маңғыстау, Жетісу, Павлодар облыстары – 1 ауыл. Бұл – шағын ауылдар. Ондағы тұрғындар «енді ішімдік ішпейміз» деп шешім қабылдаған. Өздерінің бастамасы. Біз осындай бастама көтеріліп жатқан соң мониторинг жүргіздік. Нәтижесінде онда құқық бұзушылық бірнеше есе азайғанын байқадық», - деді Игорь Лепеха Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Игорь Лепеха айтуынша, бұл ауылдарда алкоголь тұтынушылар жоқ және ішімдік сатылмайды.

Менің ойымша, мұнда ішімдік те сатылмайды. Тұрғындар «сухой закон» болады деп шешкен. Онда ешкім (ішімдікті) сатып алмайды және сатпайды. Сіздер осы ауылдардың біріне барып көріңіздер», - деді Игорь Лепеха.