Әлеумет

Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылады

Министрлік нормативтік-құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізіп жатыр

Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылады, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Төтенше жағдай режимі жарияланған аудандар мен қалаларда тұратын мүгедектігі бар азаматтарға 2024 жылғы II тоқсанда қайта куәландыруға тиіс мына қызметтер автоматты түрде ұзартылатын болады:

мүгедектік мерзімдері;

жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі;

кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі;

оңалтудың жеке бағдарламалары.

Бұл ретте мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу бұрын белгіленген мүгедектік тобы бойынша іске асырылады.

Қазір Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нормативтік-құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізіп жатыр.

Автоматты түрде ұзарту су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік қолдауды уақтылы көрсетуге мүмкіндік береді.