Жамбыл облысында су басу қаупі бар ма?
Жамбыл облысында су басу қаупі жоқ.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары Руслан Нұрланұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.
– Бүгінгі күні су тасқыны болады деп алаңдауға негіз жоқ, жағдай тұрақты. Бүгінгі таңда өңірде су тасқының алдын алу және жою мақсатында тиісті шаралар жүргізіліп, 1927 адам, 437 техника, 19 жүзу құралы, 132 мотопомпа, халықты эвакуациялауға және жеке құрамды тасымалдауға арналған 48 жолаушылар көлігі дайын. Облыста су тасқыны кезеңін штаттық режимде өткізу мақсатында іс-шаралар жоспары және кезекшілік кестесі бекітілді. Су тасқыны мәселесі тұрақты бақылауда, – дейді спикер Руслан Орынбеков.
Айта кету керек, облыс аумағында елді мекендерді, республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың су тасуы тіркелмеген.