Тасқын судан зардап шеккендердің несие төлемі кейінге шегеріледі
Тасқын судан зардап шеккендердің несие төлемі кейінге шегеріледі
Бүгінгі таңда елімізде су тасқынына байланысты күрделі ахуал қалыптасып отыр. Тоғыз өңірде жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланды (Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ұлытау). Су тасқыны басталғаннан бері су басқан аймақтардан барлығы 19 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Бүгінгі таңда солтүстік, шығыс және орталық аймақтардың 65%-дан астамы әлі күнге дейін қалың қар астында.«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су басқан үйлердің барлығы құжаттардың бар-жоғына қарамастан, қалпына келтірілетін болады. Мемлекет ешкімді баспанасыз, далада қалдырмайды. Осындай қиын жағдайда ірі, орта бизнес, сондай-ақ кішігірім компаниялар және елдің тағдырына бей-жай қарамайтын қарапайым азаматтар қол ұшын созып жатыр. Бюджет қаражатына қосымша тұрғын үйлерді қалпына келтіруге, жоғалған мүлік пен мал шығынын өтеуге бағытталатын қомақты сома жиналды. Мердігер компаниялар осындай қиын жағдайды бизнеске айналдырмайды және барлық қаражат мақсатты түрде жұмсалады деп сенемін», — деді Штаб жетекшісі. Фермерлер мен ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне ерекше назар аударылды. 33 мыңнан астам мал басы қауіпсіз жерлерге көшірілді. Оған қоса малдың өлім-жітімі бар. Ауыл шаруашылығы министрлігі шығынды өтеу мәселесін шешуде.