Жаңалықтар

Темекі заңды түрде қолдануға болатын есірткі

Темекінің денсаулыққа тигізетін зияны жайлы аз айтылып, кем жазылып жүрген жоқ. Соған қарамастан, елімізде шылым тартатындар саны азаймай тұр.

  Жалпы темекінің құрамында адам ағзасына зиянды ең улы никотиннен бастап 200-дей химиялық зат кездеседі екен. Ұзақ жыл темекі шеккендердің бетіне әжім ерте түседі, шашы сирейді, саусағы сарғыш тартады, тісі бұзылады, терісінің жиырылу қасиеті кемиді және қан айналу жүйесінің ауруларына, өкпе және жүйке ауруларына шалдықтырады. Ер-азаматтар арасында өкпе обырымен ауыратындардың басым көпшілігі темекі шегетіндер екен. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, шылым шегуден әлемде жылына 8 миллион адам қайтыс болады. Әр тал шылым адам өмірін 12-18 минутқа қысқартады. Шылым шеккенде адам ауамен бірге темекінің түтінін де жұтады.Ал түтіннің ішінде улы газ, шаң, күйе болады. Шылымның күніне жиырмасын тартқан адам 90 миллиграмм никотин жұтады. Сондай-ақ темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Бүгінде Жер шарында 1,2 миллиард адам темекі шегетін көрінеді.

Ал Қазақстанда 5 миллионға жуық адам шылым тартады екен.БАҚ беттерінде жарияланған мақалаларда келтірілген деректерге сүйенсек, елімізде темекі шегетіндер саны бірте-бірте азайып келеді екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстанда 2,9 миллион ересек адам темекі шегеді, сондай-ақ 150-ге жуық мемлекетте олардың саны азайыпты.Тіпті Бразилия және Нидерланды мемлекеттерінде темекіге қарсы күресті күшейткеннен кейін шылым шегетіндер саны күрт кеміпті. 2010 жылдан бастап латынамерикалық мемлекеттерде темекі шегу 35 пайызға азайыпты.Ал қазақстандықтар арасында 9 пайызға кемігенімен, шылымға әуестік әйелдер арасында 4,5 пайыздан 6,4 пайызға өскені белгілі болды.

Өкінішке қарай, соңғы жылдары жастар арасында электронды темекі қолданатындар едәуір өскен.2022 жылы жастардың (11-12 жас аралығындағылар) вейпті қолдануы 9,8 пайызға жетіпті. Осы орайда ер балалар ғана емес, қыздардың да электронды темекіге құмар болуы көпшілікті алаңдатып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары 2030 жылы жастар арасында электронды темекі пайдаланатындар саны 23 пайызға жетуі мүмкін екенін айтып, дабыл қағуда. Дүйім жұртты алаңдатып отырған мәнді мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда айрықша тоқталды.

Ал жыл басында Мәжіліс денсаулық сақтау мәселелері туралы заң жобасын екінші оқылымда қабылдап, Сенатқа жіберді. Құжатқа сәйкес ендігі жерде елімізде вейп өнімдер сатуға тыйым салынбақ. Айта кетерлігі, денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулер тұжырымдамасынан тыс, темекі өнімдерін тұтынуды шектеу нормалары да бар. Вейптерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салудан бөлек, заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Мәселен, электронды шылым сатқаны үшін 50 тәулікке дейін қамауға алу көзделеді.Оны әкеліп, таратқандар 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.Қылмыстық топтың аса iрi мөлшерде, бiрнеше рет жасалған әрекеті үшiн 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл – өте құптарлық іс.Өйткені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2018 жылы Қазақстанда жүргізген зерттеуінде 15 жастағы ұлдардың 14 пайызы, қыздардың 6 пайызы вейпті бір рет қолданып көргенін, 11-15 жастағы ұлдардың 8,5 пайызы, қыздардың 3,8 пайызы үнемі тұтынатынын анықтаған болатын.

Ал 2022 жылғы сауалнама вейпке әуес балалардың саны артқанын, соның ішінде әрдайым тұтынатындар 3,6 пайызға өскенін анықтады. Осы ретте вейпке әуестенуші жастардың көбеюіне бірнеше себеп бар екенін айта кетейік. Біріншіден, вейпиндустрия балалар мен жастарға бағытталған маркетингті қолданады.Яғни оны сатып алу оңай. Балаларға аумақтық жағынан да және бағасы бойынша да қолжетімді. Айта кеткен жөн, электронды темекі мен вейп мәселесі Қазақстанды ғана емес, әлемді де алаңдатып отыр. Электронды темекі нарыққа алғаш рет шыққанда адамға зиянсыз екені алға тартылатын. Сондай-ақ кәдімгі темекіден бас тартуға көмектесетін өнім ретінде жарнамаланды.

Ендігі жерде оны қарапайым қаптамамен орайды әрі қарапайым дүкенде сатуға шектеу қойылады. Тұманды Альбионның үкіметі мұндай қадамға кештеу барып отыр. Әйтпесе Шотландия мен Уэльс тарапы талайдан бері вейпке тыйым салуға шақырып келед. Ирландия да вейпке тыйым салуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда аталған елдің үкіметі халықтың пікірін сұрастырып, сауалнама жүргізіп жатыр.

Стеффи Лемке айтқандай, электронды темекінің денсаулыққа зиянынан бөлек, қоршаған ортаға тигізетін зардабы да ауыр. Өйткені оны тұтынғаннан кейін арнайы орындарға емес, қоқыс жәшігіне тастайды. Салдарынан электронды темекіні жасауға пайдаланылатын пластмасса, оның құрамындағы заттар, электронды жабдықтар қайта өңделмей, қоқыс полигонына апарылады. Тіпті қарт құрлықтағы нағыз шылымқор ел саналатын Франция да вейптерге қарсылық білдірді. Ал Уругвай, Аргентина, Бразилия секілді бірқатар мемлекетте электронды темекіні қолдануға ішінара тыйым салынған.

Толқын Аймаханова, 

 «Тараз-Болашақ»

жоғары медициналық

колледжінің оқытушысы