Кәсіби бағдар берудің маңызы ерекше
Кәсіби бағдар берудің маңызы ерекше
Сол себепті қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар ұсынып, кеңес айту үлкен маңызға ие. Кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселе. Өзінің әдістемесі және мазмұны жағынан оның психологиялық, педагогикалық, физиологиялық және әрекеттік аумағы жағынан әлеуметтік сипаты болады. Нәтижесі қоғамның экономикалық өміріне әсер етеді. Қазіргі заман талабына сай кәсіптік мамандықтарды игерген жастарға сұраныс өте жоғары. Нарықтағы бәсекелестік күн өткен сайын артып келеді. Бүгінгі заман талабы кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандық пен кәсіпке дайындау – кезек күттірмейтін талаптардың бірі. Кәсіптік бағдар беру жұмысы бүгінгі таңда ең көп талқыланатын тақырып және жиі көтерілетін өзекті сұрақтардың қатарында. Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің оқытушылары осыған орай атқарылатын нақты шараларды анықтап, жоспарлы түрде жүйелі жүзеге асыруда. Жыл сайын «Құрылыс» мамандығы бойынша бәсекеге қабілетті сан алуан кәсіп иелері диплом алып шығуда. Түлектеріміз еліміздің түрлі салаларында қызмет атқарып жүр. Наурыз айында «Құрылыс» мамандығы бойынша Тараз қаласындағы №2,3,23,42 мектептерге кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Колледждің жеткен жетістіктерін таныстыру үшін жыл сайын мектеп оқушыларын арнайы экскурсияға шақырамыз. Сәуір айында бітіруші түлектер мен ата-аналарына арналған «Ашық есік» күні өткізіледі.
Жанар БАҚБЕРГЕНОВА, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің оқытушысы